Apps durchstöbern
App erstellen
Kollektion erstellen

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар! Мен жастарға сенемін! Жас қырандар – балапан Жайып қанат ұмтылған. Көздегені – көк аспан, Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер, Сүттей таза жүректер, Қасиетті тілектер – Мен жастарға сенемін!

ähnliche App erstellen merken in "Meine Sachen"